
Jordan Air Jordan 1 «Royal»-ды тоғыз жылдан кейін қайтарды
Балаларға арналған өлшемдер $70-дан басталады, ал қорапқа Майкл Джорданның дәл осы жұппен түскен суреті басылған.
Фото: Nike
10 қазанда Jordan Brand Air Jordan 1 Retro High OG «Royal» үлгісін сатылымға шығарды. Бұл — Майкл Джордан Nike үшін фотосессияда киген қара-көк түсті нұсқа. Ересектерге арналған жұптың бағасы — $185. «Royal» бесінші рет шығып отыр, ал алдыңғы релизі 2017 жылы болған.
Үлгі Nike SNKRS қосымшасы мен Nike сайтында сатылады. Foot Locker, SNIPES және бірқатар тәуелсіз кроссовка дүкендері де өз сатылымын өткізеді. Ересек нұсқаның артикулы — IQ5495-005.

Жаңа нұсқаның айырмашылығы
Jordan Brand жаңа үлгіні бұрынғыдан сапалырақ әрі түпнұсқаға жақынырақ деп сипаттайды. Қалыбы биігірек әрі жіңішкерек болды, ал үстіңгі бөлігіне мыжылған былғарының орнына тегісірек былғары алынды. Алайда бұл 1985 жылғы пішінді толық қайталамайды: 2025 жылғы «Bred»-тен айырмашылығы, бұл Hi ’85 нұсқасы емес.
«Royal» классикалық былғары нұсқалардан бөлек, басқа материалдардан да шыққан. Мысалы, атлас нұсқасы мен «Reimagined» сериясындағы күдері нұсқасы болды.

Бағасы мен өлшемдері
- ересектерге — $185;
- жасөспірімдерге (Grade School) — $140;
- балаларға (Preschool) — $85;
- бүлдіршіндерге (Toddler) — $70.
Жұп арнайы қорапқа салынған, оған Майкл Джорданның Nike түсірілімінде осы түсті кроссовкамен түскен суреті басылған. Қазақстанда сатылатыны туралы Jordan Brand хабарламады. Бренд жақында 2027 жылға KAWS-пен бірге Air Jordan 4 шығатынын да жариялаған.
Дереккөздер: Sneaker News — шығу күні, бағасы және дүкендер, Nice Kicks — релиз туралы ақпарат



