
Toyota Celica 2027 жылы WRC-ге шығады
Жолға арналған нұсқасын компания әзірге растамады, ал чемпионатта Celica-мен қатар Gazoo Racing командасының GR Yaris көлігі де жарысады.
Фото: @You_SuiKoyoAZ / X
Toyota 3 қарашада жаңа GR Celica 2027 жылы әлем ралли чемпионатына шығатынын жариялады. Көлікті Toyota Racing деген жаңа атаумен шығатын команда қосады, ал жаңартылған GR Yaris бөлек Gazoo Racing командасында жарысады.
Екі көлік те WRC-дің 2027 жылғы жаңа техникалық регламентімен жасалған. Motor1 дерегінше, қуаты мен көрсеткіштері бірдей болады, ал гомологацияны Toyota 2026 жылдың соңына дейін аяқтағысы келеді. Көліктерді компанияның Финляндиядағы Ювяскюля қаласындағы ралли базасында әзірлеп жатыр.
Рөлге кім отырады
Командалар құрамын Motorsport.com келтірді:
- GR Celica — Элфин Эванс, Оливер Сольберг және Сами Паяри;
- GR Yaris — Отт Тянак, Такамото Кацута және Калле Рованпера.
Жаңа Celica-ның қозғалтқышы мен қуатын Toyota әлі айтқан жоқ. Тек ралли көлігі расталды, сериялық нұсқасы жарияланбады. Модельдің Қазақстанға келетіні туралы ресми хабарланған жоқ.
Дереккөздер: Motor1 — WRC-ге арналған жаңа Celica, Motorsport.com — Toyota командаларының 2027 жылғы құрамы



