К содержанию
Ақылды. Пайдалы. Кейде байыпсыз.
BTS бір жылда Spotify-да 10 млрд тыңдалым жинады

BTS бір жылда Spotify-да 10 млрд тыңдалым жинады

Arirang альбомының басты әнін шыққан күні, 20 наурызда, 110 миллионнан астам рет тыңдаған.

Фото: Yonhap

Оңтүстік кореялық BTS тобы Spotify платформасында бір жылда 10 млрд тыңдалым жинаған әлемдегі алғашқы топ атанды. Бұл туралы 16 қазанда Yonhap агенттігі хабарлады. Бұған дейін мұндай межеге тек жеке орындаушылар жеткен. Олар Тейлор Свифт, Ариана Гранде және Bad Bunny.

Yonhap дерегінше, BTS әндерін Spotify-да тыңдау саны бір жылда екі еседен астам өскен. Ең үлкен үлесті 2026 жылғы наурызда шыққан бесінші студиялық Arirang альбомы қосты. Ол 5 млрд тыңдалымнан асып, биыл шыққан альбомдар ішінде Spotify-дағы ең танымалы болды.

Arirang топтың соңғы төрт жылға жуық уақыттағы алғашқы толық альбомы. Мүшелердің бәрі әскери борышын өтеп, қайта жиналған соң оны жазды. Бұған дейін BTS «Грэмми» сыйлығына қатысудан бас тартқан.

Топтың бизнесі қалай құрылғанын және HYBE төңірегінде не болып жатқанын BTS досьесінде талдадық.

Дереккөздер: Kazinform, Yonhap дерегіне сілтеме жасап — BTS-тің Spotify-дағы рекорды