
Прохазка Катардағы UFC турнирінде Стирлингпен шайқасады
Брайан Ортега Катардағы алғашқы UFC турнирін басқарған Дэн Хукермен жекпе-жек үшін 70 келіге көтеріледі.
Фото: UFC
UFC 21 қарашада Дохада өтетін турнирдің басты жекпе-жегін жариялады. Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион Иржи Прохазка жеңіліс көрмеген жаңазеландиялық Наваджо Стирлингпен кездеседі. ABHA Arena-дағы жекпе-жек бес раундқа созылады.
Прохазка (32-6-1) дивизион рейтингінде екінші орында тұр, ол сәуірден бері шыққан жоқ. Чех белбеуді 2022 жылы UFC 275 турнирінде жеңіп алды: бесінші раундта Гловер Тейшейраны тұншықтырды. Кейін Прохазка жарақатқа байланысты титулдан бас тартты. Оның 32 жеңісінің 28-і — нокаут.
Стирлинг (11-0) рейтингте бесінші. Ол UFC-ге 2024 жылы Contender Series арқылы келіп, лигадағы алты жекпе-жегінің бәрінде жеңді. Биыл жаңазеландиялық үш қарсыласының бәрін мерзімінен бұрын тоқтатты. Соңғысы — тамызда бірінші раундта жеңілген Ян Блахович.
Екінші басты жекпе-жек 66 келіге дейінгі салмақта өтеді. 61 келідегі бұрынғы чемпион Алджамейн Стерлинг (26-5) аргентиналық Кевин Вальехоспен (18-1) кездеседі. Вальехос қатарынан жеті рет жеңіп келеді.
Кардта қазақстандық Асу Алмабаев (24-3) та бар. 57 келідегі рейтингтің жетінші нөмірі бесінші нөмір — жапон Кёдзи Хоригутимен (36-6) шайқасады. Екеуі де Катардағы былтырғы UFC турнирінде сабмишнмен жеңген. Толығырақ — Алмабаев пен Хоригутидің жекпе-жегі туралы жаңалықта.
Турнирдің тағы алты жекпе-жегі:
- Дэн Хукер — Брайан Ортега, 70 келі;
- Джаред Каннонир — Икрам Алискеров;
- Шамиль Газиев — Таллисон Тейшейра, ауыр салмақ;
- Тахир Абдуллаев — Джейк Мэттьюс, 77 келі;
- Александре Топурия — Сантьяго Луна, 61 келі;
- Амир Альбази — Алессандро Коста, 57 келі, реванш.
Турнир 21 қарашада АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытымен 13:00-де, Алматы уақытымен 23:00-де басталады.
Дереккөздер: UFC — 21 қарашадағы Доха турнирінің карды



