К содержанию
Ақылды. Пайдалы. Кейде байыпсыз.
Кинотеатр көрерменді гипноздап, фильмді ұмыттырмақ

Кинотеатр көрерменді гипноздап, фильмді ұмыттырмақ

Pathé нәтижеге кепілдік бермейді, гипноздың әсері сеанстан кейін ғана белгілі болады.

Кадр: Warner Bros.

Нидерландыдағы Pathé кинотеатрлар желісі 9 қарашада Гаагада Pathé REWIND тәжірибесін өткізеді. Желі гипноз арқылы көрерменге сүйікті фильмін ұмыттырып, оны алғаш рет көргендей етуге бола ма, соны тексереді. Тәжірибеге 30 адам қатысады.

Қатысушылармен гипнотерапевт Виктор Крамер жұмыс істейді. Pathé мәліметінше, ол 30 жылдан бері гипнозбен айналысады. Желі аталған фильмдер қатарында «Матрица», «Жеті», «Ла-Ла Ленд» және «Интерстеллар» бар.

Pathé өкілі Имке ван Схайк идеяны баспасөз хабарламасында түсіндірді: «Сүйікті фильмін қайта алғаш рет көргісі келмейтін адам бар ма?». Оның айтуынша, мұндай тілек көптеген киносүйер қауымға ортақ.

Желі ешқандай кепілдік бермейді. Нәтиже Гаагадағы сеанстан кейін белгілі болады.

Дереккөздер: Consequence — Pathé REWIND тәжірибесі туралы