К содержанию
Ақылды. Пайдалы. Кейде байыпсыз.
Багз Банни мен Даффи Дактың дауысы Эрик Бауза қайтыс болды

Багз Банни мен Даффи Дактың дауысы Эрик Бауза қайтыс болды

Бауза 25 жылдық мансабында 400-ден астам рөлге дауыс беріп, үш рет «Эмми» сыйлығын алған.

Фото: Consequence

Соңғы жылдары Looney Tunes кейіпкерлерін сөйлеткен актёр Эрик Бауза 46 жасында қайтыс болды. Variety мәліметінше, Лос-Анджелес округінің сот-медициналық сараптама бюросы өлімнің себебін гипертониялық жүрек ауруы деп атады.

Looney Tunes мультфильмдерінде Бауза Багз Банни, Даффи Дак, Твити, Элмер Фадд, Фогхорн Легхорн, Порки Пиг және Жол жүгірушісіне дауыс берген. Ол 2026 жылғы «Койот пен Acme» және 2024 жылғы «Жер жарылған күн: Looney Tunes фильмі» картиналарында да жұмыс істеді.

25 жылдан астам мансабында оның 400-ден астам рөлі жинақталды. Бауза үш рет «Эмми» сыйлығын алып, тағы тоғыз рет номинацияға ілікті. Оның дауысы «Икс адамдар ’97», «Жас титандар, алға!», «Бобтың бургерлері», «Рик пен Морти» және «Аниманьяктар» телехикаяларында естіледі.

Кинода Бауза «Супер Марио ағайындылары» мен «Ғарыштық джем: Жаңа ұрпақ» фильмдеріне қатысты.

Дереккөздер: Consequence — Эрик Бауза қайтыс болды