
Aerosmith сахнаға оралар алдында Джоуи Крамерді қайтарды
Топпен бірге сахнаға Guns N' Roses, Сэмми Хагар, Heart, The Black Crowes және Run-DMC шығады.
Фото: Consequence
Aerosmith Лос-Анджелестегі Hollywood Bowl алаңында 29 қазан мен 1 қарашада өтетін екі концерт алдындағы дайындықтан суреттер жариялады. Фотограф Росс Хэлфин түсірген суреттерде барабанда қайтадан Джоуи Крамер отыр. Бұл — 2023 жылдың қыркүйегінде Стивен Тайлердің дауыс байламы жарақаттанып, қоштасу туры басталған бетте тоқтағаннан кейінгі топтың алғашқы концерттері.
Бір суретте классикалық құрамның бес мүшесі бірге тұр: Крамер, Тайлер, Джо Перри, Брэд Уитфорд және Том Гамильтон. Крамер шоу жарияланған кездегі жарнамалық суретте де болған. Ал дайындық суреттері оның топқа оралғанын растады. Барабаншы үшін бұл 2020 жылдың ақпанынан бергі топпен алғашқы өнер көрсетуі.
Соңғы жылдары Крамер мен топтың арасы суыды. Ол алдымен денсаулығына байланысты шетке шықты, кейін Aerosmith мүшелерімен сотқа дейін барды.
Концерттер California, Dream On: Aerosmith & Friends деп аталады. Қонақтар қатарында Guns N’ Roses, Сэмми Хагар, Джерри Кантрелл, Heart, The Black Crowes, Run-DMC, Билли Айдол, Эндрю Уотт, Чад Смит, Дафф Маккаган және Эрик Чёрч бар.
Жарақаттан кейін Тайлер бірнеше қайырымдылық концерті мен марапаттау рәсімінде ғана өнер көрсетті. Солардың бірі Black Sabbath тобының Back to the Beginning қоштасу шоуы еді, онда оның даусы сенімді естілді. Hollywood Bowl-дағы екі кеш топтың одан әрі не істей алатынын көрсетеді.
Дереккөздер: Consequence — Aerosmith Джоуи Крамердің оралғанын растады



