
Hulu Куглердің «Құпия материалдар» сериалына тапсырыс берді
Әлеуметтік желідегі деректерге қарағанда, пилот «Күнәһарлар» үшін «Оскар» алған оператормен 65 миллиметрлік таспаға түсірілген.
Фото: JoBlo
Hulu Райан Куглер түсірген «Құпия материалдар» пилотын толыққанды сериалға айналдыруды шешті. Бұл туралы 13 қазанда алғаш Deadline хабарлады. Пилоттың сценарийін Куглердің өзі жазып, өзі түсірді. Түсірілім биыл ертерек аяқталған.
Басты рөлдерде Даниэль Дэдуайлер («Фортепиано сабағы») мен Химеш Патель («Кеше») ойнайды. Олар ФБР агенттері. Кейіпкерлерді түсініксіз құбылыстарды тергейтін, әлдеқашан жабылған бөлімге жібереді. Бұл Крис Картердің түпнұсқа сериалын еске салады, онда бөліммен Малдер мен Скалли айналысқан.
Пилотта сондай-ақ Эми Мэдиган, Стив Бушеми, Бен Фостер, Девери Джейкобс, Локлин Манро, Танту Кардинал, Джоэл Монтгранд және София Грейс Клифтон түсті. Эпизод саны мен премьера күні әзірге белгісіз.
Дэвид Духовны мен Джиллиан Андерсонның жобаға қатысуы ресми расталған жоқ. Куглер Андерсонның пайда болуы мүмкін екенін меңзеген. Ал Духовны әңгіме болғанын, бірақ «әзірге нақты ештеңе жоқ» екенін айтты. Режиссёр франшизаға қызығушылығын былай түсіндірді: «Крис Картер жасаған дүние ерекше».
Пилоттың техникалық тұсы да назар аудартты. X желісіндегі Shot on Film аккаунтының дерегінше, ол 65 миллиметрлік таспаға түсірілген. Операторы «Күнәһарлар» фильмі үшін «Оскар» алған Отэм Дюральд Аркапо болған. Алайда студия бұл ақпаратты ресми растамады.
Жақында ғана Химеш Патель жобаны «әзірге жай пилот» деп атаған еді. Енді Куглердің «Құпия материалдарына» сериалдық тапсырыс бар. Келесі қадам – Hulu маусым көлемі мен шығу мерзімін жариялауы.
Дереккөздер: JoBlo – Hulu Куглердің «Құпия материалдар» сериалына тапсырыс берді



